Биыл екінші жыл қатарынан шымкенттік жамаған айт намазында иық тіресе алмады. Пандемияға байланысты дини мерекеге шектеу қойылды. Дегенмен құрбандықты онлайн шалуға рұқсат берілді.
Карантиндік шектеуге байланысты құрбан шалушыларда, көмек алушыларда онлайн қызметіне жүгінді. Ашықтықты қамтамасыз ету жомарттық танытқандарға құрбандық шалынғаны жөнінде вацап арқылы видео жолданып отырды. Дін қызметкерлері мен белсенділер ігі істің басынан табылды. Сонымен Құрбан айттың бірінші күні құрбандыққа 200 ге жуық тапсырыс түсті. 10 шақты ірі қара мен ұсақ мал құрбандыққа шалынды.
Бақдәулет Әбдірахманов – Шымкент қаласының бас имамы
Қала бойынша мешіттер жабық. Және айт намазы оқылған жоқ. Дегенмен құрбан шалушы мұсылмандарға онлайн түрде 2021 сайты арқылы қызметкөрсетіп жатырмыз.
Бұл жерге келіп жатқан малдың барлығы медициналық тексеруден өткен. Құрбандық шарттары толық орындалған. Ол үшін ветеринар дәрігерлер алдын ала тексеру жұмыстарын жүргізген. Дегенмен биыл құрбандық шалушылардан көмек сұраушылар қатары басым.
Мұхаметжан Естеміров – Шымкент қаласы бас имамының орынбасары
Қарқынына келер болсақ былтырғыдан төмен . Мүмкін әлі келеді деген үміттеміз.
Діни іс-шараға полиция қызметкерлеріде белсене атсалысты. Қоғамдық тәртіпті реттеуге ықпал етті. Ал қызылсыраған көмекке мұқтаж отбасылар айт мерекесінде бір марқайып қалды.
К. Дүйсенбі