«Фосфор» ауруханасы инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді

2464
Adyrna.kz Telegram

Осы жылдың 10 шілдесінен бастап №2 қалалық аурухана инфекциялық стационар ретінде жұмыс істейді. Осыған сәйкес, медициналық мекеме ковидке шалдыққан науқастарды қабылдайтын болады. Бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов аурухананың инфекциялық стационар ретінде дайындық барысымен танысып қайтты.

Емдеу мекемесінің бас дәрігері Қанат Тұмановтың айтуынша, мұндағы инфекциялық стационар 250 төсек орынға  дайындалған. Төсек орындардың барлығына оттегі нүктесімен қамтылып, үш айлық дәрілік қоры дайындалған. Мұнан бөлек  53 жасанды тыныс алу аппараты, КТ, цифрлы рентген  сынды инфекцияға шалдыққан науқастарды емдеуге қажетті жабдықтардың барлығы бар.

Ал, медицина мамандары науқастарға қажетті кислородты аурухананың жанынан ашылған оттегі цехынан тасымалдайтын болады. Өткен жылғы жағдайды ескере отырып,  шаһар басшысы аурухана бас дәрігеріне ковидке шалдыққан науқастарды қабылдау барысын тағы да пысықтауды тапсырды.

 

Г. Қалмырзақызы                            

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Пікірлер