Элизабет Тұрсынбаева бапкер атанды

2972
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы, 2019 жылғы әлемнің вице-чемпионы Элизабет Тұрсынбаева бапкерлікке бет тұрды. Бұл туралы ол Қызылордада өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бала кезімнен мәнерлеп сырғанаудан шебер болғым келді және осы жолда көп еңбек еттім. Қолдауларыңыздың арқасында үлкен жетістіктерге жеттім. Өкінішке қарай, денсаулығыма байланысты спорттық мансабымды аяқтауға тура келді. Бұл шешімге келу, әрине, қиын болды. Десе де, алда көптеген жақсы жаңалық болатынына сенімдімін", - деді Элизабет Тұрсынбаева.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының м.а. Жағыпар Тәжмаханов Элизабеттің спорттан тыс қалмайтынын атап өтті. Ол арудың спорт мектебінде мәнерлеп сырғанаудың жаттықтырушы болып жұмыс істейтінін хабарлады.

Айта кетейік, бұған дейін Тұрсынбаева спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеген еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер