Алматыда 3 айлық сәбиді өз әкесі зорлаған: іс тергеліп жатыр

5614

Алматыда өз әкесі зорлаған 3 айлық сәбидің ісі әлі тергеліп жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаменті басшысының орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әбдірахмановтың мәліметіне сәйкес, тергеудің толық нәтижесі сараптамадан кейін анықталады.

"Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне 11 қыркүйек күні тіркелді. Қазір сараптама тағайындалды. Арыз бойынша тіркелген қылмыстың іске сәйкес, кішкентай бала үш айлық кезінде әкесінен зорлық көрген. Біз қазір бұл жағдайды егжей -тегжейлі тексеріп жатырмыз. Белгіленген сараптамалық зерттеу әлі дайын емес. Сараптамалық мекеменің талабы бойынша сараптамаға бірқатар маман тартылды. Айыпталушылар Алматыда, қаладан ешкім ешқайда кеткен жоқ, бұл адамдар үшін бұлтартпау шарасы таңдалмады. Қазіргі уақытта ешкім ұсталған жоқ, біз бәріміз сараптаманың қорытындысын күтеміз. Ол әлі дайын болған жоқ. Сараптамамен басқа ведомство айналысады. Қорытынды қандай болатынын ешкім білмейді. Барлығы өндірісте және бақылауда", – деді Әбдірахманов.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар