Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы: Бұл менмендіктің шыңы және өзін-өзі асыра бағалау!

4776
Adyrna.kz Telegram

Grammy сыйлығының иегері, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Ақсу қаласында ескерткіш орнату идеясына қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Музыкант бұған қатысты  өз  пікірін Instagram-да тікелей эфирде айтты.

Оный айтуынша, бір ай бұрын оған жергілікті әкімдіктен қоңырау шалып, Ақсу қаласына оның беделді музыкалық байқаудағы жеңісіне орай граммофон мүсінін орнату туралы ойын сұраған.

- Егер сіздерге қиын болмаса қойыңыздар. Керемет идея. Ал негізінде маған бәрібір, —дейді Иманбек.

Одан бөлек Иманбек соңғы уақытта сын-пікірдің астында қалғанын жеткізді. Сондықтан оны тоқтату үшін тікелей эфирге шыққан.

- Егер маған ескерткіш орнатса, шынымен өте ұят болады. Бұл менмендіктің шыңы және өзін-өзі асыра бағалау, —деді диджей.

Еске сала кетейік, Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін әлемдік «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Ол ТМД елдері арасында бұл сыйлықты иеленген алғашқы адам.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Вашингтон опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер