Тәлібтер қырынуға тыйым салып, бірқатар шектеулер орнатты

2264

Тәлібтер Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гильменд провинциясында сәнді шаш үлгілерін жасатып, сақалдарын қыруға тыйым салды. Бұл туралы тәлібтердің хатында жазылған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрліктің лауазымды тұлғалары Лашкаргах қаласында ерлер шаштаразы өкілдерімен кездесулерінде сәнді шаш үлгілерін жасамауға және тұрғындардың сақалдарын қырмауға кеңес берді.

Одан бөлек әлеуметтік желілерде таралған қаулыда шаштараз ғимараттарында ән және әнұран тыңдамау жөнінде ескерту жасалған.

Айта кетейік, 15 тамызда тәлібтер Кабулды басып алып, соғыстың аяқталғанын мәлімдеген болатын. Тамыздың соңғы екі аптасында Кабул әуежайынан ауғанстандықтарды жаппай эвакуациялау басталды. Қыркүйек айының басында Ауғанстан үкіметінің уақытша құрамы жарияланды. Оны Мохаммад Хасан Ахунд басқарды. Талибанның алғашқы басшылығы кезінде ол СІМ басшысы қызметін атқарған болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар