Путин: Өзара міндеттемелерге қарамастан Қазақстан басқа ел, басқа мемлекет

15376
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/1750027074_0_0_3003_1689_1920x0_80_0_0_2c9fb400a95755a95c5889792c6664e0.jpg
Ресей басшысы Владимир Путин Мемлекеттік Дума депутаттарымен кездесу барысында Ресейдің ғарыш саласын дамытуы мен өз ғарыш айлағын салуға қатысты сөз қозғады. Ол сөз арасында Қазақстан жайлы да айта кетті. "Әрине біз Қазақстанмен әріптес болдық әрі оны жалғастыра береміз. Алайда қанша стратегиялық өзара міндеттемелерге қарамастан Қазақстан басқа ел, басқа мемлекет. Сондықтан біз Қиыр Шығыста заманауи ғарыш айлағын салып жатырмыз. Нағыз заманауи", - деді ол Мемдума депутаттарымен кездесу барысында. Путиннің пікірінше ғарыш айлағы нағыз халықтық жоба. Жоспар бойынша Ресей өзінің ғарыш айлағын салған соң, Байқоңырдан ғарышқа зымыран ұшыру еселеп азаймақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии