Испания суға кетіп жатыр

2786
Adyrna.kz Telegram

Испанияда қатты жаңбырдың салдарынан су тасқыны болып жатыр. Батыс аймақтардағы көптеген жолдар мен көшелер су астында қалды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "news.liga.net-ке" сілтеме жасап.

Испанияда кейбір жерлерде жердің бір шаршы метріне 130 литрден астам жауын-шашын түскен, бұл — соңғы он жылдағы рекордтық көрсеткіш.

Андалусия, Экстремадура және Валенсия ең көп зардап шекті. Су тасқыны салдарынан сегіз орталықтан адамдарды эвакуациялауға тура келген. Тұрғындар өте қажет заттарды судан алып шығуға талпынған. Алайда бәрі су астында қалды.

Жаңбырдың салдарынан көптеген жолдың учаскелері су астында қалды, нәтижесінде ондаған көліктер жабылып, теміржол қатынасы бұзылды. Фермерлер келтірілген залалды атады. Кейбір жерлерде бұршақ жүзім дақылдарының 50%-ын және құрма мен цитрус дақылдарының 100%-ын жойды, бұл 8 миллион еуродан астам тікелей шығындарға әкелді.

Осы жағдайларды ескеріп билік 150 000 евро қаржы бөліп отыр.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер