Ішінде 205 жолаушысы бар «Boeing 767» ұшағы Атырауға шұғыл қонды

1482

Елордадан Ыстанбұлға бағыт алған ұшақ Атырау халықаралық әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Атырау облыстық ТЖД-ның мәлімдеуінше, кешкі сағат тоғыздар шамасында «Boeing 76» жолаушылар ұшағы техникалық себептерге байланысты қонуға мәжбүр болған.

«Жолаушылар қонақ үйге орналастырылды. Қазіргі таңда тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Бүгін жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-де Airbus A321 резервтік бортымен Стамбулға ұшу жоспарланып отыр»,– деп жазды Air Astana баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ұшақ бортында 205 жолаушы, оның ішінде 5 бала және 5 экипаж мүшесі болған. Зардап шеккендер жоқ.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы