«Жас маман» республикалық жобасы іске асырылуда

2146
Adyrna.kz Telegram

2020 жылдан бастап Қостанай облысы»Жас маман» республикалық жобасының қатысушысы болып табылады (2020 жылдан бастап ол үш колледжде, 2021 жылы өңірдің тағы жеті колледжінде іске асырылады), оның негізгі мақсаты - 180 колледж бен 20 ЖОО-ны неғұрлым сұранысқа ие 100 мамандық бойынша жаңғырту және білікті мамандар даярлаудың халықаралық тәжірибесін енгізу.

 Инновациялық жабдықпен жарақтандырудың арқасында колледждерде 16 зертхана, 8 шеберхана және жаңа модификациядағы 2 кабинет ашылады, бұл біздің облыстың ТжКБ жүйесінде кадрлар даярлау сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Жоба ТжКБ ұйымдарының басшылары, орынбасарлары, әдіскерлері мен педагогтері үшін біліктілікті арттыру курстарын өткізуді де көздейді.

Өңірдің алты педагогы «Жас маман» жобасы аясында тренерлер ретінде іріктеуден өтті.

1 Боқаева Марал Мендыбаевна -  ТжКБ Әдістемелік кабинеті

2 Утегенова Гүльнара Маратовна-  ТжКБ Әдістемелік кабинеті

3 Терновая Ольга Валерьевна-Қостанай құрылыс колледжі

4 Мұхамедрахимов Есильбай Барлыбаевич-Қостанай құрылыс колледжі

5 Тайжанова Айна Қазиевна-Жітіқара политехникалық колледжі

6 Қайпбаева Жұлдыз Шамильевна-Қостанай жоғары политехникалық колледжі

Ағымдағы жылғы 26 шілде мен 4 тамыз аралығында облыстың 5 тренері Қазақстанның барлық өңірлерінен келген біліктілікті арттыру курстарына 50 қатысушы қатарынан оқудан өтіп, курстардан өту қорытындысы бойынша 4 блоктан тұратын жобалар     қорғады:

1. Аккредиттеуден өтудің жол картасы жобасын әзірлеу нәтижелерін көрсету

2.ТжКБ ұйымының Стратегиялық даму жоспарының жобасын әзірлеу нәтижелерін көрсету

3. SopranoGroup (Финляндия) әзірлеген оқу жұмыс жоспарының жобасын және білім беру бағдарламалары негізінде бағдарламаны әзірлеуді көрсету

4. Қашықтықтан оқытуда ақпараттық технологияларды қолдана отырып, демонстрациялық сабақтың жеке жобалары.

Курстық даярлықтың бірінші кезеңінен сәтті өткен қатысушылар екінші кезеңге өтеді, онда тренерлерде халықаралық стандарттарды енгізу, «Жас маман» жобасы шеңберінде кадрлар даярлау бағдарламаларын жаңарту бойынша біліктер мен дағдыларды қалыптастыру мақсатында шетелдік сарапшылар курстарды жүргізетін болады. Курстық дайындық аяқталғаннан кейін ағымдағы жылдың қыркүйек – қараша аралығында тренерлер «Жас маман» жобасына қатысатын Қазақстан өңірлерінен колледж педагогтерін оқытатын болады (Қостанай облысы - 110 педагог: Директорлар, орынбасарлар, аға матерлер, бөлімше меңгерушілері қатарынан 50 адам және педагогтар мен шеберлер қатарынан 60 адам).

Бұл жоба республикамыздағы колледждердің даму траекториясын өзгертеді және болашақта нарықты жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етеді деп үміттенеміз.

Пікірлер