«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен жиырма отбасын көмірмен қамтамасыз етті

349

«Ақ жол» партиясынан Мәжіліс депутаттары Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыстан зардап шеккен жиырма отбасын көмірмен қамтамасыз етті. Өткен демалыс күндері Азат Перуашев бастаған «Ақ жол» фракциясының өкілдері облыстық филиал басшылығымен және ҚДП мәслихат депутаттарымен бірлесіп оқ-дәрі қоймасындағы жарылыстардан зардап шеккен Қайнар, Жібек жолы, Төрегелді ауылдарын аралады.

«Ақ жол» партиясы аз қамтылған отбасылардың өтініштері бойынша жылыту маусымына толықтай жететін Шұбаркөл көмірін жеткізіп берді. Бұл ауылдар газдандырылған, бірақ бұл өркениеттілік бәріне де қол жетімді емес - газға қосылу үшін жабдықты есепке алмағанда, шамамен 300-400 мың теңге төлеу керек. Ал халық табысының ең төмен деңгейі және жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі байқалатын бұл өңірде мұндай шығындарды барлығы бірдей төлей алмайды, әсіресе ауылды жердің тұрғындарына ауырлық туғызады. Ал газды қосып үлгергендер оның жоғары бағасына шағымданады. Бұл туралы партияның Ұлттық кеңесінің пленумы барысында филиал төрағасы Асан Қошмамбетов партияластарына жарылыстан кейінгі жағдай туралы баяндап берді. Оның мәліметінше, газдандырудың өзі ауылдардағы өмір сүру сапасын автоматты түрде арттырады дегенді білдірмейді. Осыған байланысты «Ақ жол» филиалына көмірге көмек туралы өтініштер келіп түсуде.

«Ақ жол» партиясының облыстық филиалы мұқтаж отбасылар тізімін ауыл әкімдерінің көмегімен жасады. Көмек шынымен мұқтаж адамдарға жеткізілді, ал біз осы отбасыларға барып, олармен сөйлесу арқылы оған көз жеткізе алдық.

Сапар барысында «Ақ жол» делегациясы жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарымен де таныстық. Қайнар ауылында барлық үйлер шатырсыз қалған, кейбіреулерінің қабырғаларына дейін қираған. Бүгінгі таңда барлық жерде қабырғалар қалпына келтірілді, шатырлар салынуда, кейбір үйлердің ішкі безендіру бойынша жұмыстар басталған. Сонымен қатар, жол жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындар өңірде таралған шу мен шаңға кең түсіністікпен қарайды, тұрғын үйлері тез қалпына келтіріліп, бұрынғы өмірлеріне оралуларына үміттенеді. Дегенмен, мемлекеттік органдардың жарылыс толқындарымен бұзылған шаруашылық құрылыстарын қалпына келтіруден бас тартуы сияқты бірқатар наразылықтар да айтылды. Ауыл тұрғындарының айтуынша, құрылысшыларға тұрғын үйлерді жөндей ғана тапсырылған. Төрегелді ауылының тұрғындары жарылыс кезінде сынған терезелерді қалпына келтіруге көмектеспей жатқаны туралы шағымданды.

«Ақжолдықтармен» кездесу барысында кәсіпкерлер өзге де  мәселелерді көтерді. Олардың нысандарын қалпына келтірумен әлі ешкім айналыспайтыны белгілі болды. Жол бойындағы бұзылған сервистің, мейрамхананың, қонақ үйдің және салынып жатқан көкөніс қоймасының иесі Ләззат Жабатаеваның айтуынша, оған барған барлық комиссиялар келтірілген залалға онша қызығушылық танытпай, қажетті көмектен бас тартуға себеп іздеген.

Барлық тұрғындар мен кәсіпкерлердің бізге айтқан ортақ тілектері - оқ-дәрі қоймаларын елді мекендерден алыс, қауіпсіз жерге көшіру.

Айта кетейін, «Ақ жол» демократиялық партиясының 2019 жылы Арыс қаласында болған жарылыстардан кейінгі күні жарияланған мәлімдемесінде осындай талап болған.

«Кейбір отбасылар жалғыз ұлдарынан айырылып қалды. Адамдардың өміріне қауіп төндіруге болмайды, бұл қоймаларды біздің өңірден алысқа көшіріңіз», - деп түйіндеді Ләззат Жабатаева.

Сенбі күні «ақжолдықтар» Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевпен кездесті. Әкім тұрғындарға көмек көрсеткені үшін Демпартиялықтарға алғысын білдірді. Перуашев Ауыл тұрғындарына көмектесуден және фракция депутаттарының бір күндік жалақысынан басқа, Демпартия құтқарушылардың отбасыларына көмек көрсету үшін облыстық өрт қызметі ардагерлері қауымдастығына 1 млн теңгеден астам қаражат аударғанын хабарлады.

«Ақ жол» көшбасшысы облыс басшысына кәсіпкерлерге көмек көрсету қажеттілігі туралы сұрақтар қойды. Әкімнің мәліметінше, осы уақытқа дейін мұндай көмекті Қаржы министрлігі бизнестің өз объектілерін осындай тәуекелдерден өз бетінше сақтандыру қажеттілігіне сілтеме жасай отырып бұғаттаған.

Перуашев осы жағдайдың себебі мемлекеттік объектідегі ТЖ және кез келген объективті сот бұл жағдайда мемлекеттің жауапкершілігін мойындауға міндетті екенін атап өтті. Осыған байланысты Сапарбаев осы пікірді Үкіметтің қолдағанын айтып, Премьер-Министр тиісті тапсырмалар берді.

Осылайша, жақын арада кәсіпкерлерге зардап шеккен бизнес нысандарын қалпына келтіруге қажетті көмек көрсетіледі. «Ақ жол» демократиялық партиясы жарылыстан зардап шеккен бизнесті қолдау бойынша жағдайды қадағалайтын болады.

Әкіммен кездесу барысында «Ақ жол» ҚДП жергілікті активімен кездесуде көтерілген құрғақшылық және мал шаруашылығы үшін жем-шөппен қамтамасыз ету мәселелері; кәсіпкерлердің мемлекеттік кәсіпорындар арасынан тапсырыс берушілердің жеңіп алған тендерлер бойынша орындалған жұмыстар үшін ақы төлеу мерзімдерін бұзуы туралы шағымдары талқыланды. Мердігерлерден келіп түскен мұндай өтініштер өңір басшылығына жіберілді.

Пікірлер
Редакция таңдауы