«Otbasy Fest» жас отбасыларға серпін берді

2973
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай және Отбасы күні мерекесі қарсаңында бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Мемлекет басшысының бұқаралық спортты дамыту тапсырмасы негізінде «OTBASY FEST» атты отбасылық сайыс жас отбасыларға серпін берді.

А. Асқаров атындағы дендросаябақта «Рухани қоғам әлемі» қорымен бірлесіп өткен іс-шараға 10 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Жарыста бірінші орын алған Ниязалиевтер отбасына теледидар берілді. Іс-шараға белсене қатысқан он отбасы Алғыс хаттармен және демеушілер есебінен түрлі сыйлықтармен марапатталды.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының қолдауымен «SHANYRAQ» орталығында өткен арнайы іс-шараларда көпбалалы аналар қуанышқа кенеліп, еңбектері еленді.

«Ізгілікте жарысайық» қорымен бірлескен «Отбасындағы бала тәрбиесі» тақырыбында арнайы психологиялық тренинг және «Отбасы – Отан тірегі» атты іс-шара өткізілді.
Аталған жиынға Шымкент қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Б.Нарбекова, қалалық мәслихат депутаты Н.Керімбаева қатысып, батыр аналарға еліміздің демографиясына қосқан үлестері үшін ризашылығын білдірді.
11 баланың анасы Қ.Дарибаева, 10 балалы ана Ж.Егембердиева және 12-ші перзентін дүниеге әкелуге дайындалып жүрген Ж.Әлжановалар сөз сөйлеп, өз қуаныштарымен бөлісті.
Сондай-ақ, перзенттерін жалғыз тәрбиелеп жүрген 2 әке де осындай қуанышты күн сыйлаған ұйымдастырушыларға ризашылықтарын жеткізді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер