5 адамның өмірін қиған күдіктінің әйелі Президентке үндеу жолдады

5678

Алматыны дүрліктірген Игорь Дужновтың әйелі Анаида Демирчян оқиғаның қалай болғанын өз аузымен айтып берді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Алматыда атыс кезінде Анаида Демирчян балаларымен үйде болған.

Қалай болғанын білмеймін. Көрген жоқпын. Тек мылтықтың даусын естідім. Сол сәтте прокуратура, кезекші келсе, заң жүзінде түсіндірсе, қылмыстың алдын алуға болар еді. Енді адамдар зардап шекті. Күйеуім, отбасым зардап шекті. Енді не боларын білмеймін, — деп күйзеледі әйел.

Одан бөлек Анаида Демирчян басындағы қиыншылықтарын айтып, бұрын да Президентке үндеу жасаған көрінеді.

"Қазір де үндеу жасаймын. Құрметті Президент мырза! Сіз — Конституция кепілісіз. Менің кәмелет жасына толмаған балаларымды қорғауыңызды сұраймын. Кішкентай баламның жүрегі ауырады. Кеше ұстамасы ұстап қалды. Ал сот орындаушысына бәрібір. Жедел жәрдем де шақырмады. Біздің қызметкерлердің жемқорлық пен заңсыз әрекеттері туралы мемлекет те, Президент, сіз де жақсы білесіз, — деп ашынды әйел.

Еске сала кетейік, кеше Игорь Дужнов сот шешімін орындауға келген бір топ адамға оқ жаудырып, бес адамды атып өлтірген болатын.

"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар