Pfizer - балалар үшін қауіпсіз вакцина деп танылды

2939
Adyrna.kz Telegram

BioNTech пен Pfizer жасаған коронавирус инфекциясына қарсы вакцина 5 жастан 11 жасқа дейінгі балалар үшін қауіпсіз деп танылды. Бұл туралы компания өз сайтында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Бұл нәтижені балалар арасында препараттың клиникалық сынақтары көрсетті. Сынақтарға қатысқан 12 жасқа дейінгі балаларға үш апта аралықпен он микрограмм препараттың екі дозасы берілді, – деп хабарлады компания.

2020 жылдың 21 желтоқсанында Еуропалық дәрі-дәрмек агенттігі (EMA) BioNTech және Pfizer консорциумы жасаған Comirnaty вакцинасын мақұлдады. Дәл осы күні препаратты Еуропалық комиссия мақұлдады.

Айта кетейік, бұл шараға 5 пен 11 жас аралығындағы балалар қатысқан. Көрсетілген жанама әсерлер 16 мен 25 жас аралығындағыларға да салынып, салыстырылған. Компания зерттеудің нәтижесі бойынша препараттың қауіпсіз екенін жария етті. Сынақ барысында балаларға дәрінің екі компоненті егілген екен. Екінші доза 21 күннен кейін салынған. Мамандардың айтуынша, вакцина оңай қабылданды. Ағзада ауруға қарсы антиденелер бір айдан кейін пайда болған. Енді жыл соңына дейін препарат 6 ай мен 5 жас аралығындағы балалар арасында сыналмақ. Зерттеу нәтижесі жылдың соңында жарияланады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

 

Пікірлер