Карантин жеңілдеді: Той жасауға рұқсат!

419

27 қыркүйектен бастап елде карантиндік шектеулер жеңілдетіледі, салтанатты және отбасылық шараларға рұқсат етіледі, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында айтылды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақтанғанын, соңғы 2 аптада сырқаттанушылық пен өлім-жітім деңгейі 60 пайызға төмендегенін айтты.

Осыған байланысты ВАК бірқатар шешімдер қабылдады:

  • 27 қыркүйектен бастап Ashyq бойынша "қауіпсіз" мәртебесі бар қызметкерлер мен келушілердің қатысуымен келесі іс-шараларды өткізуге рұқсат етілсін ( қызметіне қатысты карантиндік талаптар жеңілдетілген нысандар тізімі кестеде көрсетілген).

  • 16 елмен әуе қатынасын жаңарту және ұлғайту (Ресей Федерациясы, Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Германия, Мальдивы, Корея, Польша, Венгрия, Италия, Чехия, Шри-Ланка, Қытай, Сауд Арабиясы, Кувейт, Әзірбайжан).
  • Қолайлы эпидемиологиялық ахуалы және халықты вакцинациялаудың жоғары деңгейі бар 30 шет мемлекетпен Қазақстан Республикасына кіру үшін визасыз режимді қайта бастау (Италия, Нидерланды, Франция, Германия, Испания, Жапония, БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Польша Дания, Чили, Венгрия, Корея, Чехия, Бахрейн, Катар, Монако, Кипр, Исландия, Финляндия, Мальта, Швеция, Португалия, Лихтенштейн, Словакия, Люксембург, Канада, Сингапур, Бельгия).

Сондай-ақ конференциялар, форумдар және басқа да бұқаралық шараларды, көрмелерді өткізуге рұқсат етілді. Бұған қоса, таза ауада марафон ұйымдастырып, көрермендердің қатысуымен спорттық шаралар өткізуге болады. Спорттық-сауықтыру орталықтары мен спорт кешендерінің, ойын клубтарының (казино) қызметі жанданады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар