Атырауда тұрғын үй түгелімен өртеніп кетті

392

Атырау қаласында екі қабатты мансардты үй өртеніп кетті, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі.

Диспетчерлік пультке бүгін сағат 13:34-те Атырау қаласының Жұмыскер шағынауданындағы 380-д мекен-жайында орналасқан тұрғын үйден түтін шығып жатқаны туралы хабар түскен.

«Департаменттің өрт сөндірушілері сағат 13:43-те шақырту орнына жетіп, мансардты тұрғын үй жанып жатқанын анықтады. Өртті сөндіруге арнайы қызметтің 15 қызметкері мен 3 техникасы жұмылдырылды. Жалын сағат 13:59-да оқшауланып, сағат 14:17-де толық сөндірілді. Өртенген аумақ көлемі – 180 шаршы метр» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар