“Сабырлы, байсалды адам еді”: 5 адамды атып өлтірген қылмыскер кім?

19431

Алматыда бес адамды атып өлтірген азаматтың көршілері оқиға жайлы айтып берді. Сөздерінше, тұрғынды қылмыс жасауға белгілі жағдайлар итермелеген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап. 

“Сабырлы, байсалды адамның ондайға баруы мүмкін емес еді. Оны қылмыс жасауға әлдекімдер итермеледі. Әрқашан түрлі дүниелер, жағдайлар, адамдар осындай жағдайдың орын алуына себеп болады”, – дейді көршісі Рахметолла Амуратов. 

Кейбір деректерге сүйенсек, арты өліммен аяқталған атыстың шығуына отбасыны үйден күштеп шығару себеп болуы мүмкін. Адамдарға оқ атқан азамат 54 жаста. Ол 5 адамды аңшы мылтығымен сұлатып салған.

Көз жұмғандардың арасында екі полиция қызметкері, сот орындаушысы мен екі қарапайым азамат бар.

Полиция күдікті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екенін айтады. 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар