Алматыдағы атысқа қатысты ресми ақпарат жарияланды

4553
Adyrna.kz Telegram

Сот бұйрығын орындау кезінде бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері қаза тапты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Алматыдағы атысқа қатысты қаланың ПД ресми жауап берді.

"Бүгін, 2021 жылы 20 қыркүйекте, кешкі сағат 17:00 шамасында Алматының Алатау ауданындағы Ақбұлақ ықшам ауданында қайғылы оқиға болды. Жеке үйлердің бірінде көшіру туралы сот ұйғарымын орындау барысында осы үйдің тұрғыны - 1967 жылы туылған азамат Д. агрессия танытып, сот орындаушыларына, учаскелік полиция инспекторларына, ТЖМ қызметкерлеріне атыс қаруымен оқ жаудырды.

Кезекшілікте болған бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан жарақат алып, қайтыс болды. Орын алған қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтамыз.
Қылмыскер ұсталды. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу шаралары жүргізілуде", деді Алматы қаласының ПД баспасөз қызметі.

Өлтірілген полиция қызметкерлері туралы мәліметтер:
Алатау ауданы ОМПС ӨП учаскелік инспекторы, полиция майоры Сулеев Дархан Дауылбаевич, 1982 ж.т.
Алатау облысы ОМПС УЕ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Байғазиев Нұрбол Назарбаевич, 1988 ж.т.

"Адырна" ұлттық порталы ұжымы қаза тапқандардың отбасына қайғырып көңіл айтады!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер