Арон Атабекке бостандық: мыңдаған адам қол қойды

2759
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан халқы Президент әкімшілігіне «Шаңырақ оқиғасына» қатысушы, ақын Арон Атабекке рақымшылық жасау туралы өтініш жолдады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық үндеу жолданды! 2,5 мыңнан астам қол жинап, 377 репост жасалынды. Көп рақмет! - деп жазды құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина Facebook -те.

2006 жылы «Шаңырақ ісі» бойынша Арон Атабек 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Сол кезде Алматы маңындағы Шаңырақ ықшамауданының тұрғындары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасында билік сот, заңсыз салынған деп таныған үйлерді бұзуға тырысқанда қақтығыс болды. Қақтығыс кезінде 24 жастағы полицей Әсет Бейсенов қаза тапты, ол үстіне бензин құйылып, отқа оранды.

Бұл жағдайда Атабектен басқа Құрманғазы Өтегенов, Ерғанат Тараншиев пен Рүстем Тұяқов бас бостандығынан айырылды.

Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Атабекті «ар-ождан тұтқыны», «саяси тұтқын» деп таныды. Ақын жазасының көп бөлігін - 14 жылдан астам өтеген. Құқық қорғаушылар мен әлеуметтік белсенділер Атабектің денсаулығының нашарлауына байланысты босатылуын қалап отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер