Танымал кәсіпқой боксшы Мэнни Пакьяо Филиппин президенті сайлауына өз кандидатурасын ұсынды, хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Спортшы "Филиппин демократиялық партиясы — халықтың билігі" (PDP-Laban) атынан шығады.
«Мен күрескермін. Рингте және одан тыс жерде де әрқашан күресемін. Ешқашан жекпе-жектен қашқан емеспін. Себебі мені ұлтымның ұстанымдары қолдайды»,– деді ол.
Айта кетейік, Президент сайлауы 2022 жылдың 9 мамырында өтеді деп жоспарланып отыр.
«Адырна» ұлттық порталы