Маңғыстауда 700 адамды алдап кеткен кім?

3000
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында 700 адам Plus Capital қаржылық ұйымына мүлкі мен қомақты қаражатын салып, алданып қалған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы 31-арнаға сілтеме жасап.

Атап айтсақ, маңғыстаулық 700 тұрғынның барлығы құжатын жалғыз нотариусқа рәсімдеген. Ал жарнамасы Ақтау көшелерінде ілініп, әлеуметтік желіде кеңінен таралған қаржы ұйымы Артур Темірғалиевтің атына тіркелген. Алайда құжаттарға оның есепшілері мен өзге қызметкерлері қол қойған.

Қазір Артур Темірғалиевтің қайда екені белгісіз. Ол туралы 1,5 жылдан бері хабар жоқ. Алаяқ салымшыларға қаражатын 2 есе етіп қайтаруға уәде еткен екен. Салымшылар құжаттар нотариалды түрде рәсімделгендіктен сенген, алайда нотариус София Кушниренко жалған құжат рәсімдеп отырыпты.

"Халық бұл нотариуске сенді, себебі ол Әділет министрлігінде тіркелген. БИН номері бар", – дейді салымшы Сайлаугүл Әсемова.

Маңғыстау облыстық Әділет департаменті басшысының орынбасары Әуес Көшкінбай жеке нотариустардың күнделікті іс-әрекетін ЕНИС базасынан қарап отыруға өздерінде рұқсат жоқ екенін алға тартады.

"Егер олардың жасаған іс-әрекетін тергеу жүргізу қажет болса, онда біз азаматтардан түскен арыз-шағым есебінде қараймыз", — дейді ол.

Қаржылық ұйымның арбауына түскен тек салымшылар емес. Артур Темірғалиевтен жылжымайтын мүлікті сатып алғандар да бар. Осы іске қатысты тергеу былтыр ақпан айында жүргізіліп, сот биыл шілдеде басталды.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер