Қапшағайдағы жарылыс: тұрғындар әбігерге түсті

4345
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қапшағай маңында жарылыс болып, тұрғындар әбігерге түсті деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерге тұрғындар видео жүктеп, бұл аумақта әскери бөлім бар екенін жазды.

Кейін анықталғандай,  Алматы облысы бойынша төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бұл кен орнындағы жоспарлы жарылыс екенін жеткізді.

"Бұл — қиыршық тас өңделетін карьер аумағындағы жоспарлы жарылыс. Зардап шеккендер жоқ", - деді облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өкілі.

Айта кету керек, аталған кен орны Қапшағай қаласының маңында орналасқан. Жоспарлы жарылыс жүргізілетіні жергілікті тұрғындарға алдын ала айтылады.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер