Берік Әбдіғалиұлы — ердің жасы елуде!

2726
Adyrna.kz Telegram

Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері, саясаттанушы, саяси ғылымдарының кандидаты, ҚР Парламент мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы елу жасқа толды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Халықаралық Түркі Академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Берік Әбдіғалиұлы — Қарағанды облысы, Ұлытау ауданының тумасы. Бұған дейін ол Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің штаттан тыс кеңесшісі, «Архив-2025» ғылыми-әдістемелік орталығының басшысы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы, ҚР Ұлттық музейі директорының кеңесшісі, Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының бас ғылыми қызметкері қызметтерін атқарды.

Жеке 10 кітаптың және 2 кітаптың бірлескен авторы. Көптеген ұлттық жобалардың авторы және жетекшісі. Атап айтсақ, "Государственная политика и межнациональное отношения в Республике Казахстан" (1996); "Россия и казахстанские русские (1997); "Социально-политические менеджмент. Темиртауский опыт" (2003); "Политизация этичность: процессы, механизмы, последствия" (2003); "Казахская миссия" (2007); "Қазақ болайық" (2014); "Войско Алаш. Казахские части в составе Белой Армии (1918-1920 г.г.)"; (2017) "Саяси ой тарихы" (2003); "Саяси түсіндірме сөздігі"(2007) кітаптарының бірлескен авторы. "Бауырсақ күні" (2004 жылдан бастап) жобасы авторларының бірі. "Қазақстанның 7 кереметі" (2005) үш тілдегі фотоальбом мен оқулық жобасының авторы және жетекшісі. "Желтоқсан - 1986 жыл" 10 томдығы жобасының авторы және жетекшісі. "Кунсткамера жанындағы қазақтың дәстүрлі мәдениеті" (2008) атты фотоальбом жобасының авторы. Жылына 6 саны шыққан "Қазақ альманағы" журналының шығарушысы (2009-2012).

Біз ердің жасына толып отырған қоғам қайраткерін туған күнімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына береке-бірлік, еңбекте толағай табыстар тілейміз. 

 

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер