«Мамин өтсін, халық тұрсын»: Әл-Фараби даңғылы жабылды

1510

Бүгін таңертең Алматыда Әл-Фараби даңғылы жабылды. Соның салдарынан қозғалыс кезінде қиындықтар туындап, кептеліс болған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.

Бейресми мәліметтерге сүйенсек, Қазақстанның Премьер-министрі Асқар Мамин Алматыға жұмыс сапарымен келген. Премьер-Министрдің баспасөз қызметі ақпаратты растап, Үкімет басшысының облысқа жұмыс сапарымен барғанын мәлімдеді.

2ГИС қосымшасындағы жүргізушілердің хабарлауынша, Саин және Фурманов көшелерінде көлік қозғалысы 9:00-10:00 аралығында қиындаған.

Полиция департаменті қаланың жоғарғы бөлігіндегі даңғылдың жабылуы "сенімді адамның"келуімен байланысты екенін жеткізді

«Таңертеңнен бастап сенімді тұлғаны алып жүру қажет болды. Олардың саны екеу, алайда бұл туралы ашып айта алмаймын. Бұл қызметтік, мемлекеттік құпия»,— деп түсіндірді Алматы полиция департаменті баспасөз қызметінің қызметкері Евгений Лысенко.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы