Ауғанстанда 4 миллион адамды аштық жайлады

3323
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанда 4 миллион адам азық-түлікке зәру, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл ақпаратты БҰҰ өкілі Рейн Полсен жариялады.

Оның айтуынша, тамаққа жарымай отырғандардың дені ауыл тұрғындары екен. Өйткені биылғы қуаңшылықтан елдегі егістік алқаптары қурап қалған. Бұған қоса миллиондаған үй жануары қырылып қалуы мүмкін. Сол үшін елді мекендерде өмір сүретін азаматтарға шұғыл көмек қажет.

Айта кетейік, бүгінге дейін ауылдық жерде тұратын 400 мыңнан астам ауған азаматы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер