Прима-қобызшылар байқауы өтті!

4337
Adyrna.kz Telegram

Тәуелсіздік – баға жетпес құндылық. Тар жол, тайғақ кешу кезінде ғұмырын бәйгеге тіккен ұлтжанды азаматтар жетерлік. Ал Желтоқсан оқиғасы – тәуелсіздіктің бастауы.

Алматы қаласы Мәдениет басқармасының қолдауымен, «Желтоқсан –1986. Тәуелсіздік қырандары» қоғамдық бірлестігінің және «Алатау» дәстүрлі өнер театрының ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына, сондай-ақ Желтоқсан оқиғасының 35 жылдығына орай «Қобыз сарыны» атты республикалық 18 жасқа дейінгі прима-қобызшылар байқауы өтті.

Республикалық онлайн байқауының 1-ші кезеңінен 12 қатысушы іріктеліп алынды. Іріктеуден өткен 12 қатысушы «Алатау» дәстүрлі өнер театрының сахнасында оффлайн түрде сайысқа түсті.

Байқау шарттарына сәйкес қатысушылар ұлттық және әлем классикасынан бір-бір шығармадан орындаулары тиіс болды. Жеңімпаздар әділқазылар алқасы арқылы анықталды.

Бас жүлде – Жанахметова Баян (500 000 теңге)
Бірінші орын –Нұратдинова Жанель (300 000)
Екінші орын – Станполова Алуа (200 000)
Үшінші орын –Бескемпір Аружан (150 000)

Қобыз – көнеден келе жатқан қазақ халқының ғажайып сазды, бай тембрлі аспабы. Қазақы сырлы ұлттық аспаптарымызды дәріптеу – ұрпақ парызы!

Фото суреттер авторы: Әнуарбек Досмалов

Қуаныш Жұмабекұлы
«Алатау» дәстүрлі өнер театры
Әдебиет бөлімінің басшысы

Пікірлер