«Тәуелсіздік ұраным, ана тілім тұмарым» атты байқау өтеді

3977
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/whatsapp-image-2021-09-15-at-06.28.22.jpeg
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ қолдауымен Интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бейімдеу және қолдауға арналған іс-шаралар кешені» жобасы аясында, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының ұйымдастыруымен, жасөспірімдер мен жастар арасында эссе және өлең байқауы өтеді.   Байқаудың мақсаты:
  • Тәуелсіз Қазақ елінің ғаламдық өркениет пен мәдениет биігінде алар орнын шығармаға арқау ету, насихаттау;
  • Жас қаламгерлер арасынан тың талантттарды анықтау;
  • Қазақтың ұлттық әдебиетінің ізін жалғайтын өскелең ұрпақтың шығармашылық өнеріне қолдау көрсету;
  • Ғасырлар бойы бабалар арманы болған егемендік пен еркіндікке жеткен бүгінгі жас, тәуелсіз еліміздің іргетасын одан әрі бекемдеу, қазақ тілінің мәртебесін асыру бүгінгі жас ұрпақтың қасиетті парызы екенін тереңірек ұғындыру.
  • Ел ертеңі саналатын жастар мен жасөспірімдердің бойында патриоттық сезімдерін оятып, бейбітшілік пен берекелі өмірдің мәні мен маңызын эссе тілінде сөйлетіп, өлең тілінде асқақтату.
Қатысушыларға қойылатын талаптар: – Байқауға 14 жастан бастап 29 жасқа дейінгі интернаттан кейінгі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен жастар қатыса алады. – Тәуелсіздік тақырыбында 1 эссе немесе 2 өлең қабылданады. (Бірінші өлең – Тәуелсіз қазақ елін тақырыптық өзек етуі керек. Екінші өлең – еркін тақырып). – Шығарма көлемі 3 беттен аспау тиіс (Times New Roman, 14 кегль). – Шығармалардың тақырыптық, идеялық мазмұны мен көркемдік дәрежесіне баса назар аударылады. – Жатқа оқу міндетті емес.
  • Байқауға ұсынылатын шығармалар қатысушы толтырған өтініммен бірге (№1 қосымша) 2021 жылдың 15 қыркүйегінен бастап 15 қазанға дейін qushaq.kz@gmail.com электронды поштасына қабылданады.
  • Байқау қорытындысы 2021 жылдың 20 қазанында жарияланады.
  • Қабылданған шығармалар qushaq.kz сайтына жарияланады.
Байқаудың жүлдегерлері үшін: І орын – екеу (эссе және өлең) ІІ орын – төртеу ІІІ орын – алтау  қарастырылған. Сонымен қатар, жүлдегерлер арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Байланыс телефондары: +77472771672 +77016283570
Комментарии