Тәліптер Ауғанстандағы 150 БАҚ-ты жауып тастады

2835
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/6011271aa228307a7e797a4b2f57d669.jpg
Ауғанстан билігін басып алып, билікке келген Талибан радикалды қозғалысының көсемдері Ауғанстандағы 150-ге тарта БАҚ-тың жұмысын тоқтатып тастады. Бұл жайында Tolo News ақпараттық агенттігі хабарлады. Жұмысын тоқтатқан БАҚ-тардың қатарына баспа жұмыстары, радиостанциялар, телеарналар, Масс-медиа салалары, экономикалық мәселелерді көтеретін ақпараттық орталықтар кірді. Ал, тәліптер болса елдің экономикасының жаңа реформаларын жасаймыз деп жатыр. Бірақ тәліптердің бас-көзсіз әрекеттерінен жекелеген БАҚ-тар қолдаусыз, қаражатсыз қалды. Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ауқымды етіп көтеретін бірден бір арна Inakas телеарнасы болатын. Қазір бұл арна да қаржылық қысымға тап болып, өзінің жұмысын тоқтатты. Ауғанстандағы БАҚ-тарды қолдаушы халықаралық ұйымдар егер де бұл жағдай жалғасын таба берсе, онда Ауған жеріндегі басқа да БАҚ-тар жабылып, мемлекет жабық режимге көшеді деп шулап жатыр.   

"Адырна" ұлттық порталы 

Комментарии