Цой: Елімізде індеттің таралу деңгейі 35%-ға төмендеді

3290
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой соңғы екі апта көлемінде Қазақстанда індеттің таралуы 35%-ға төмендегенін мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

- Өткен аптада Қазақстанда аурушаңдық деңгейі 14%-ға төмендеді, бірден 31 мың адамнан 25 мыңға дейін қысқарды. Аурудың тұрақты төмендеуі байқалады", – деді министр үкімет отырысында.

Сондай-ақ, министр аурудың оң динамикасы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында көрсетілгенін атап өтті.

Соңғы екі аптада республиканың 5 облысы «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа көшті, олар: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстары. Түркістан облысы «жасыл» аймақта орналасқан. Қалған 11 облыс «қызыл» аймақта, – деп мәлімдеді Цой.

Министрдің айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасы ауруға шалдыққандармен салыстырғанда сауығып кеткен науқастардың санының артуын көрсетеді. Соңғы аптада сауығып кеткен науқастардың саны аптаның ішінде аурушаңдыққа қарағанда 1,5 есе көп екендігі анықталып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер