Тәжірибе аясында Мәскеу метросында өзбек және тәжік тілдеріндегі белгілер пайда болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл жаңалық әзірге Мәскеу метросының Бутовская желісінің "Лесопарковая" станциясында ғана жүзеге асырылды. Метрополитеннің басқа станцияларында мәтіндік көрсеткіштердің "классикалық" нұсқалары – орыс және ағылшын тілдерінде сақталған.
Дереккөзде екі шет тілінде навигация станцияның есігінде пайда болғанын көрсететін фотосурет орналастырылды. Жазулардың бірі кириллицада, екіншісі латын тілінде жазылған.
Басылым бұл шараны елордада көрші елдерден орыс тілін жетік білмейтін жүздеген мың еңбек мигранттары тұрып, жұмыс істейтіндігімен түсіндіреді.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Мәскеу мэрінің экономикалық саясат, мүліктік және жер қатынастары жөніндегі орынбасары Владимир Ефимов Мәскеуге тағы 200 мыңға жуық еңбек мигранты қажет екенін айтқан.
"Адырна" ұлттық порталы