Фукусима АЭС-інде тағы апат болды

2819
Adyrna.kz Telegram

Жапонияның солтүстік-шығысындағы апаттық Фукусима-1 атом электр станциясының операторы TEPCO радиоактивті суға арналған ALPS сұйықтық тазарту жүйесінің барлық сүзгілеріне зақым келгенін хабарлады. Бұл туралы NHK жапондық телеарнасы мәлімдеді , - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новости -ге сілтеме жасап.

Мамандар өткен айдың соңында жүйеден радиоактивті судың ағып кетуіне жол бермейтін сүзгілердің бірінің зақымданғанын анықтағаннан кейін жүйеге толық ауқымды тексеру жүргізілді. Жабдықты тексеру барысында 25 сүзгінің 24 -інде ақау бар екені анықталды.

Телеарна TEPCO -да ALPS жүйесінен радиоактивті судың ағып кету жағдайлары әлі тіркелмегеніне қарамастан, жағдай тағы да қайталануы мүмкін екенін айтты.

Бұған Ұқсас жағдай станцияда екі жыл бұрын болды. Содан кейін TEPCO бұл

бүлінудің себебін анықтай алмады. Оператор зақымданған жердің сүзгілерін өзгертіп жүйе жұмысын қайта жалғастырды.

Агенттік еске салғандай, сәуір айының соңында Жапония үкіметі 2023 жылдан бастап радиоактивті суды 62 радиоактивті элементтен тазартатын ALPS жүйесінде тазартылған суды мұхитқа тастауға рұқсат беру туралы шешім қабылдады.

Бұл шешім Ресейде, Қытайда, Оңтүстік Кореяда және КХДРде алаңдаушылық туғызды. Сонымен қатар, МАГАТЭ бұл қабылданған шешімді қолдайтынын және мониторинг үшін мамандар тобын жіберуге ниетті екенін мәлімдеді.

“Бүкіл Жапондық балық аулау кооперативтері федерациясы, сонымен қатар Фукусима, Мияги және Ибараки префектураларының балықшыларының бірлестігі «Фукусима-1» АЭС-нен теңізге ағызуға қарсы.

Фукусима префектурасында 41 муниципалитет келіспеушілігін мәлімдеді,” - бұл жалпы санның шамамен 70 пайызы, деп жазады агенттік.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер