Солтүстік Кореяның қуатты зымыраны АҚШ-ты үрейлендіріп отыр

3200
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандары АҚШ-ты алаңдатып отыр. Вашингтон қазіргі уақытта Солтүстік Кореяның алыс қашықтыққа ұшатын қанатты зымырандарының даму процесін бақылауға алған. Солтүстік Корея да біраз бұрын өте қуатты әрі 1,5 мың шақырымға ұшатын қанатты зымырандар жасап шыққанын мәлімдеген еді.

Қазір АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхитының әскери-теңіз күштері арсеналдары Солтүстік Кореяның әрбір қадамын бақылауға көшкен. АҚШ тарапы Солтүстік Кореяны қанатты зымырандарды шығаруды тоқтатпайды әрі олардың бұл қадамы халықаралық қауымдастыққа қауіп төндіреді деп санайды. Ал, Пентагон Үнді-Тынық мұхитының әскери-теңіз күштері арсеналдары Жапония мен Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді деп мәлімдеді.

Солтүстік Кореяның қуатты қанатты зымырандары 1,5 мың шақырымға, сонымен қоса 7580 секунд тоқтаусыз ұша алады. Пхеньян бұл жетістікке екі жыл бойы терін төкті. Ал, қанатты зымырандар 11-12 қыркүйек аралығында сынақтан өтті.

Солтүстік Корея «Ақылсыздар» атты оқу жаттығу шараларын АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты өткізді. Ал, Оңтүстік Кореяның президенті Мун Чжэ Ин-ді сатқын деп атады.

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер