"18 килогерц" фильмі Гран-при жеңіп алды

2050
Adyrna.kz Telegram

Режиссер Фархат Шәріповтің "18 килогерц" фильмі XVII Қазан халықаралық мұсылман кинофестивалінде  Гран-при жеңіп алды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сондай -ақ фильм үздік операторлық жұмыс үшін берілетін марапатқа да ие болды (Александр Плотников).

"18 килогерц" – 90-жылдардың соңындағы жасөспірімдердің өмірінен сыр шертетін фильм. Зара Есенаманның "Хардкор" романы бойынша түсірілген фильм Қазақстанда 2021 жылы ақпанда шыққан болатын.

"18 килогерц – ересектер естімейтін дыбыс жиілігі. Фильм жасөспірімдер проблемаларына арналған. Есейе келе жыл сайын жас буынның қиындықтарын түсіну қиындап бара жатыр. Өзіміз де жасөспірім болдық, кей проблемалар шешілмейтіндей болып көрініп еді. Тіпті тығырықтан шығатын жол таба алмай, тұла бойыңды қорқыныш билеген кездер де болды. Біздің фильм сол кездерді еске түсіру үшін арнайы түсірілді", - дейді режиссер Фархат Шәріпов.

Қазір режиссер "Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы" КЕАҚ тапсырысы бойынша  "Хардкор"  атты жаңа фильм түсіруде.  Бұл фильмде нашақорлық тақырыбы қозғалады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер