Алматы облысында тағы бір жел электрстанциясы салынады

1859
Adyrna.kz Telegram

Қуаттылығы 50 МВт болатын нысан саялы Сарқан ауданында тұрғызылады деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Лепсі өңірінде салынып жатқан ЖЭС-сы негізінен жеке қаражат есебінен жүзеге асырылып жатқан аудандағы ең ірі жоба.

Жауапты «ВЭС Абай – 2» ЖШС. Ақпарларынша, құрылысы кезең-кезеңімен жоспарланған электрстанция 2019 жылы басталып, 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.

Алдымен кең жазыққа жол салынып. Бүгінгі күні жұмыстары қарқын алған мұнымен қоса қондырғылардың негізін құйып басталыпты. Құрылыс аймағында 100-ге жуық азамат жұмыс істеуде.

«Мұндай электр қуатын өңдейтін станция Қапшағай қаласында бар болса, енді ауданымыздың Лепсі аймағында болмақ. Бірақ қуаттылығы жағынан басым түседі. Яғни, жылына мұнда 50 МВт тоқ көзі өңдіріледі. Жыл соңына дейін 6 қондырғы орнатылып, іске қосылу жоспарланып отыр», - деп бөлісті аудан әкімі Талғат Қанатұлы.

Лепсі ауылынан 80 км қашықтықта орналасқан станция кең жазықта орналасқан желді аймақ. Желдің өтінде орналасқан жайпаң мекен болғандықтан бұндай жарық қуатын өңдейтін мұнаралар үшін таптырмас жер.

Биіктігі 100 метр, айналғыш қанаттары 70 метр болатын мұнараның саны 16 болады. Олардың біреуінің өзі 3,2 МВт өңдеуге қауқарлы.

Осындай ірі әрі тиімді жобалардың арқасында ауданға инвестиция тартылып, жаңа жұмыс орындары ашылып өңіріміздің одан әрі дамуына өз септігін тигізеді деген сөз.

Айта кетейік, жел электрстанциясының салыну жұмыстарына жеке қаражат есебінен 19 млрд.теңге инвестиция тартылған.

Пікірлер