Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

2984
Adyrna.kz Telegram

2021 жылдың қаңтар - тамыз айларында республикалық бюджеттен базалық зейнетақы төлеуге 547 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлемдеріне – 1 трлн 236, 7 млрд теңге бағытталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

2021 жылдың тамыз айында республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 221,8 млрд теңге, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 68,1 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 153,7 млрд теңге бөлінді.

«2021 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 млн 235 мың адамды құрайды. Зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (оның ішінде базалық зейнетақы) 2021 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша 99 857 теңгені құрады»,– делінген хабарламада.

Еске салайық, 2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, оның зейнетақы жүйесіндегі тәжірибесін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер