Атом электр станциясы Маңғыстауда салынатыны рас па?

374

Әлеуметтік желілерде атом электр станциясын Маңғыстауда салу жоспарланып отыр деген ақпарат тарап жатыр.

Өңірдің қоғамдық коммуникация орталығы мұны жоққа шығарды.

"Ведомство ақпаратынша, Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, - деп хабарлайды ”Адырна” ұлттық порталы Stopfake.kz. сайтына сілтеме жасап.

Еске салсақ, президент өз жолдауында үкімет пен "Самұрық-Қазына" қорына елімізде бейбіт атомды пайдалану мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.

Қазіргі уақытта уәкілетті органдар бұл тапсырманы жан-жақты пысықтап жатыр. Маңғыстау облысында атом электр станциясын салу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ, деп түйіндеді қоғамдық коммуникация орталығы.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар