Ләззат Асанованың анасы өмірден озды

4222

Ұлт-азаттық күресінің құрбаны, желтоқсаншы Ләззат Асановадай қыз тәрбиелеп өсірген батыр ана өмірден озды. Ләззат Оразханқызының анасы Алтынай Асанова "Адырна" ұлттық порталына бірнеше мәрте сұхбат беріп, қызы Ләззаттың өлімі әлі күнге дейін жүрегіне өте ауыр салмақ салатындығын, құпия өліміндегі көптеген күмәнді жайттармен талай бөліскен еді.

Қыршын кеткен қызының қатал тағдыры ана жүрегін де аяусыз талай тілгілегені, тілімдегені сөзсіз. Қаншама ұйқысыз түндер қайғымен өткенін тек ойша ғана елестетуге болады. Соның бәріне шыдаған ананың асыл жүрегіне қандай құрмет көрсетілсе де жарасымды. Өкінішке орай біз селқос, өзімізге тікелей қатысы болмаса, мыңқ ете қоймайтын меңіреу қоғамбыз.

Батыр Ләззат Асанованың анасы да - батыр!

Жүрекке тағдыр талай салды жара...

Бақұл бол, асыл ана, батыр ана!

Марқұмның туған-туыстарына "Адырна" ұлттық порталы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

"Адырна" ұлттық порталы 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар