Ауғанстаннан алғашқы қазақтар легі келді

5900
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы 9 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Ауғанстан еліндегі қандастарымыз атажұртқа табан тіреді. Игілікті іс-шараны Сыртқы істер министрлігі мен «Отандастар қоры» КЕАҚ бірлесіп ұйымдастырды. «Әр қазақ - менің жалғызым» дегендей6 қандастардың елге келуіне барлық азаматтар қолдау білдіреді.


«Өздеріңіз білетіндей «Отандастар қоры» КЕАҚ жанынан құрылған Қандастарды ақпараттық қолдау орталығы 1200-ге жуық Ауғанстанда тұратын қандастарымыздың тізімін әзірледі. Аталған тізімге, бұрынғы ауған елінен көшіп келген және сол жақта тұратын қандастар мен Байланыс орталығына хабарласқан азаматтар енді. Тізім Сыртқы істер министрлігінде жинақталып, одан әрі Кабул қаласындағы Қазақстан Республикасының Елшілігіне жіберілді. Туындаған күрделі мәселелерді оңтайлы шешу мақсатында Елшілікте арнайы комиссия құрылып, жүйелі жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күні 35 қандасымыздың қазақ екені дәлелденіп, комиссиядан құжаттары реттеліп, тарихи отанына аман-есен жетіп отыр. Қандастарымызды Алматы әуежайынан Сыртқы істер министрлігі, «Отандастар қоры» КЕАҚ және өзге құзырлы мекеме қызметкерлері күтіп алды», - дейді Қоғамның вице-президенті Мағауия Сарбасов.
Алдағы уақытта да қандастарды елге қайтару жұмысы тоқтамайды. Елшілік ішінен құрылған арнайы комиссия шешімімен жіберілген қандастарға қолдау көрсету жоспары құрылып, түйткілді мәселені жылдам шешу жолдары қарастырылады.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер