Ақтөбе облысында Ұлттық санақты өткізуге 1200 адам жұмылдырылады

2341
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалиннің төрағалығымен өңірде Ұлттық халық санағын өткізу мәселелері жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 
Биыл Ұлттық халық санағы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында онлайн форматта мамандандырылған sanaq.gov.kz сайтында өткізіледі.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Руслан Хамбаровтың мәліметінше, 6 қыркүйектегі жағдай бойынша облыстың 12 мыңға жуық тұрғыны онлайн режимде санақтан өткен.

Сондай-ақ 1 қазан мен 30 қазан аралығында онлайн-режимінде санақтан өтпеген азаматтар арасында санитарлық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі жаппай аралау жүргізіледі.

Кеңес қорытындысы бойынша облыс әкімі халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуді, сондай-ақ санақ қызметкерлерін толық жинақтау және вакцинациялау мәселелеріне ерекше назар аударуды тапсырды.

Қазіргі уақытта аймақта нұсқаушы-бақылаушылар мен интервьюерлерді қабылдау жалғасуда. Ұлттық санақты өткізу бойынша жұмысқа барлығы 1200-ден астам адам жұмылдырылады.

 

"Адырна" ұлттық порталы. 

Пікірлер