МӘМС арқылы қымбат медициналық қызметтер қолжетімді

177

Халқының саны миллионнан асатын Шымкенттің 883 мың тұрғыны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тіркелген. Ал, сақтандырылмағандар саны – 210 мыңнан асады. Жүйенің қатысушысы болу арқылы қажетті медициналық көмекке дер кезінде қол жеткізу мүмкүндігі бар екендігін тұрғындар жіті түсінсе, - дейді аталмыш қордың Шымкент қалалық филиал директоры Сәбит Құралбек.

Филиал директорының сөзінше, қалада халыққа медициналық көмек көрсетуге үміткер медициналық мекемелер саны ұлғайған. Осы жылы 120 медициналық мекемемен келісімшарт жасалған. Оның 87-сі жеке меншік иесіндегі ұйымдар. Медициналық мекеме санының артуы шынайы бәсекелестікті туғызады. Ал, аталған жүйеде әр тұрғын емдеу мекемесін таңдауға құқылы. Бұл ретте медициналық мекемелер тұрғындарды өздерінің мекемесіне тарту үшін жағдай жасайды. Бірінші кезекте медициналық көмек сапасын арттырады.

Сәбит Құралбек - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының директоры

Сондай-ақ, Сәбит Құралбек медицина саласындағы кейбір консультативті-диагностикалық қызметтердің жолдамасыз қызмет көрсететіндігін жеткізді. Мәселен, стоматология саласы бұған дейін жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларды ғана жүйе арқылы тегін қабылдап келсе, бүгінде бұл санаттағы тұлғалардың қатары артқан. Оларға мүмкіндігі шектеулі жандар, зейнеткерлер, әлеуеті әлжуаз топтағы тұрғындар мен «алтын», «күміс» алқа иегерлері кіреді.

Сәбит Құралбек - «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Шымкент қалалық филиалының директоры

Брифингте белгілі болғандай тұрғындар арасында «Qoldau 24/7» атты мобильдік қосымшасы кеңінен тарауда. Бұл қосымша арқылы әр тұрғын сақтандыру бойынша толық ақпарат алуға, денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер мен ұсыныстар қалдыруға, медициналық мекеме немесе медицина қызметкерлері тарапынан болған кемшіліктер туралы арыз-шағым түсіруге болады.

 

Перизат Ортай

 

Пікірлер
Редакция таңдауы