Қала әкімі Жаңаталап тұрғын алабындағы инфрақұрылым жүйелерінің құрылысымен танысты

2204
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Абай ауданындағы тұрғын алаптарда инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын аралап көрді. Қала әкімі алдымен Жаңаталап тұрғын алабына барды.

Бүгінде Жаңаталап елдімекенде ішкі ауызсу жүйелерінің құрылыс-монтаждау жұмыстары атқарылуда. 89,6 шақырым  ауыз су құбырының 77,9 шақырым жұмыстары орындалды. Мердігер жобаны 2021 жылдың 4 тоқсанында аяқтауды жоспарлап отыр.Ал,  Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 42,2 шақырым. Құрылыс жұмыстарын 2022 жылғы IV тоқсанында аяқтау жоспарда. Сондай-ақ, қала әкімі шағал тас төсеу жұмыстарының барысын бақылады. Жаңаталап тұрғын алабында жалпы ұзындығы 8,76 шақырым 30 көшеге қиыршық тас жолдар салу жұмыстары жүргізілген. Жалпы Абай ауданы бойынша шағал тас төсеу жұмыстары 100 % аяқталған. Қойбағаров көшесінде 900 м жолға орташа жөндеу жұмыстары 100% аяқталды.

ИГІЛІК ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА ЭЛЕКТР ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН АЯҚТАЛАДЫ

Шымкент қаласының Абай ауданы Игілік тұрғын алабында ауыз су жүйелерінің құрылысы 2020 жылы аяқталған болатын. Ауыз су құбырының ұзындығы – 85,9 шақырым. Қала әкімі Мұрат Әйтенов елдімекендегі инженерлік-инфрақұрылым нысандары бойынша атқарылған жұмыстарды пысықтады. Бүгінде құрылысы басталған электр желілерінің жалпы ұзындығы – 25,4 шақырым. Медігер мекеме құрылысты биыл IV тоқсанда аяқтауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, тұрғын алапта 13,4 шақырым 30 көшеге шағал тас төсеу жұмыстары орындалды.

«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ – 20 ЖЫЛ» ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА 39 КӨШЕГЕ ШАҒАЛ ТАС ТӨСЕЛДІ

Шымкент қаласының «Тәуелсіздікке – 20 жыл» тұрғын алабында электр нысандарының құрылысы қолға алынған. Электр желілерінің жалпы ұзындығы – 23,7 шақырым. Мердігер құрылыс-монтаж жұмыстарын 2021 жылдың 4-ші тоқсанында аяқтап, нысанды пайдалануға бермек.  Тұрғын алапта ауыз су жүйесі құбырының ұзындығы – 28,3 шақырым. Халықты сапалы ауыз сумен қамту бағытындағы құрылыс жұмыстары өткен жылы желтоқсанда аяқталған еді. Бүгінде тұрғын алапта 39 көшеге қиыршық тас төселінді. Көшелердің жалпы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайды. Шағал тас төсеу жұмыстары толығымен аяқталған.

 

Н.Әбдірашит

Пікірлер