Өзбекстанның мемлекеттік қарызы $24,2 млрд долларға жетті

450

Өзбекстанның мемлекеттік қарызы 2021 жылдың 1 шілдедегі жағдай бойынша$24,2 млрд долларды немесе жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 38,5% -ын құрады. Бұл туралы Өзбекстан Республикасы Қаржы министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қаржы министрлігінің деректері бойынша, мемлекеттік сыртқы қарыз өткен тоқсанмен салыстырғанда шамамен $800 млн долларға өсіп, 21,8 млрд. долларды құрады (ЖІӨ -нің 34,7%).

Бұл ретте үкімет атынан жиналған қарыз $15,4 млрд. долларды және Өзбекстан кепілдігі бойынша $6,4 млрд. долларды құрайды.

Қаржы министрлігі мемлекеттік ішкі қарыз $200 млн-ға өсіп, $2,4 млрд-ты (ЖІӨ-ге 3,8%) құрағанын атап өтті. Мемлекеттік бағалы қағаздардың көлемі 3,17 трлн. сомды және мемлекет кепілдігіндегі ішкі қарыз - $2,1 млрд долларды құрап отыр.

Өзбекстанның Азия даму банкі алдындағы қарызы $5 млрд доллар, Дүниежүзілік банкке – $3,8 млрд доллар,  Қытай экспорт-импорт банкіне - $2 млрд доллар, Жапон Халықаралық ынтымақтастық агенттігіне – $2,2 млрд доллар, Қытай мемлекеттік даму банкіне және т.б. басқаларына – $2,2 млрд доллар, Ислам Даму Банкі – $0,9 млрд доллар және басқа да халықаралық қаржы институттарына– $2,4 млрд долларды құрап отыр.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, Өзбекстанның сыртқы қарыздарының 70,3% - ы АҚШ долларымен, 11,7% – ы жапон иенімен, 9,2% - ы СДР-мен, 4,7% - ы евромен тартылған.

Өзбекстан есепті кезеңде бюджетті қолдауға  $ 4,7 млрд доллар бөлді (жиналған қаражаттың 21,6%).

Бұл ретте тартылған қаражаттың 14,1% – ы ($3,1 млрд доллар) электр энергетикасын дамытуға, 12,5% – ы ($2,7 млрд доллар)-энергетика саласын дамытуға, 11,6% - ы ($2,5 млрд доллар) көлік инфрақұрылымын дамытуға және 9,2% - ы ($2 млрд доллар) тұрғын үй-коммуналдық секторды дамытуға бағытталды.

Айта кетейік, тағы $1,3 млрд. доллар банк саласына, $1,2 млрд. доллар – химия саласына, $0,7 млрд. доллар – білім беру саласына, $0,2 млрд. доллар  – телекоммуникация саласына бағытталды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар