Вакцина алдып па едің?
- Жоқ. Вакцинаға сенбеймін, бауырым! Ол адамның санын азайтуға арналған.
- Қалай?
- Жер бетінде 1 миллиард қана қалу керек. Сол үшін бәрі. Масондардың тірлігі ғой.
- Масондар дегенің кім? Назарбаев па, Тоқаев па?
- Ой, олар да пешка ғой. Біз оларды көрмейміз, білмейміз. Екі жылдан соң вакцина алғандар өледі.
- Назарбаев та, Тоқаев та алды ғой.
- Олардікі өтірік. Жанында тұрып па едің?
- Жоқ. Назарбаевтың алғанын суреттен көрдік қой.
- Хэх. Постановка ғой бәрі.
- Мысалы мен сегіз ағайындымын. Сонда кейін соның біреуі ғана қала ма?
- Получается, солай.
- Өзің қаншасың?
- Төртеуміз. Ешкім алмадық.
- Сене алмаймын. Өзім бірінші дозасын алдым. Ештеңе болған жоқ.
- Өзің ойлашы... Бір жылда пандемия деп дүниені астаң-кестең қылды. Бұл кімге пайдалы?
- Ешкімге. Қаншама елдің экономикасы құлдырады. Компаниялар ақшадан айырылды. Сол миллиардерлер, сол елдің басшылары, қауіпсіздік қызметкерлері, тәуелсіз журналистері мен ғалымдары, зерттеу орталықтары түгел суайт па?
- Суайт-муайт, білмеймін. Бірақ мына жер шарына адам сыймай бара жатыр. Вот. Сол үшін азайту керек. "Золотой миллиард" үшін бәрі.
- Екі жылдан соң біттім бе сонда?
- Құдай біледі.
Әңгіме осы тұсқа келгенде үндемей қалдым. Алматы-Талдықорған трассасында жүйткіп бара жатқан көлік ішінен терезеге үнсіз қарап отыра бердім. Салонда шулап отырған бала-шағам да маужырап кетіпті...
Нұрбек Түсіпхан,
"Адырна" ұлттық порталы