1 қарашадан бастап миллиондаған адам үшін WhatsApp желісі тоқтайды

421

1 қарашадан бастап WhatsApp мессенджері iOS және Android бағдарламасының ескі нұсқасы қолданылып жүрген смартфондарда өз жұмысын тоқтатады, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

2021 жылдың 1 қарашасынан бастап WhatsApp қосымшасы Android 4.0.4 нұсқасы қолданылатын смартфондарда және iOS 9 нұсқасы қолданылатын iPhone-да жұмысын тоқтатады. Яғни, бұл дегеніміз миллиондаған адам жақындарының хабарламаларына, олардың сурет-бейнероликтеріне қол жеткізе алмайды деген сөз.

Осы орайда WhatsApp ескі смартфон иелеріне құрылғыны жаңартуды немесе жеке деректерді сақтау үшін чат тарихын сақтап отыруды ұсынады. Бұл WhatsApp жұмысын тоқтатқан кезде қолданушы үшін тиімді болмақ.

Сонымен WhatsApp-сыз қалатын смартфондар тізбегіне тоқталсақ:

• Samsung Galaxy S3 Mini, Trend II, Trend Lite, Core, Ace 2;

• LG Optimus F7, F5, L3 II Dual, F7 II, F5 II;

• Sony Xperia;

• Huawei Ascend Mate, Ascend D2;

• Apple iPhone SE, 6S, 6S Plus.

Барлығын қосқанда 43 -ке жуық құрылғы WhatsApp-сыз қалады екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы