Қостанайда аю талаған қыз жансақтау бөлімінде жатыр

2644
Adyrna.kz Telegram

Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы аю тістеп алған қыздың жағдайы ауыр екенін айтты. Бала жан сақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап

- Бүгін бейнебайланыс арқылы қан-тамырлары хирургы, травматологтар мен хирургтардың қатысуымен кеңейтілген кеңесі өтті. Денсаулық сақтау министрлігінің бас штаттан тыс травматолог дәрігері де кеңеске қатысты. Мамандар науқасты емдеудің ары әрі қарайғы тәсілдерін талқылады.

- Қазіргі уақытта қыз өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып, дәрі-дәрмектің көмегімен ұйқыда жатыр. Мамандар, әзірге ешқандай болжам айтпайды, - деп хабарлайды Қостанай облысының денсаулық сақтау басқармасы.

Еске салайық, оқыс оқиға  5 қыркүйекте Қостанай облысындағы "Радуга" демалыс орталығында болған. Бес жасар бүлдіршін демалыс базасында тордағы аюды тамақтандырамын деп жыртқыштың тырнағына ілінген. Салдарынан бүлдіршін ауыр жарақат алып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізген. Дәрігерлер науқастың аяғына операция жасады. Аюдың тісі қатты батқандықтан, қыз баланың сүйектері сынған. Полиция "Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру" бабы бойынша тергеу бастады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер