Нығматулин Венада өтетін парламент спикерлерінің Бесінші Бүкіләлемдік конференциясына қатысады

2602
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин бастаған парламенттік делегация 6-8 қыркүйекте Венада өтетін Парламенттер спикерлерінің Бесінші Бүкіләлемдік конференциясына қатысады, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Парламентаралық одақ, Австрия парламенті БҰҰ-мен бірлесіп ұйымдастырған форумда парламентарийлер, атап айтқанда, пандемиядан кейінгі даму мәселелері бойынша пікір алмасады. климаттың өзгеруімен күресу және экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін экономиканы реформалау мәселелері қоозғалады.

Парламентарийлер сонымен қатар көпжақтылықты, бейбітшілік пен тұрақты дамуды күшейту үшін диалог, түсіністік пен ынтымақтастық принциптеріне негізделген негізгі парламенттік әрекеттерді анықтайды. Интерактивті жалпы пікірсайыс осы тақырыпқа арналады, оның барысында Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин сөз сөйлейді.

Бұдан басқа, Нұрлан Нығматулиннің Еуропа мен Азия парламенттерінің, халықаралық парламенттік ұйымдардың жетекшілерімен, сондай -ақ ұлттық делегациялардың өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесулер өткізу көзделген. Парламенттер спикерлерінің Бүкіләлемдік конференциясы қауіпсіздік, экономикалық және әлеуметтік даму, халықаралық құқық пен адам құқықтары, демократия мен гендерлік теңдік мәселелерін талқылау үшін бес жылда бір рет жиналады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер