Қазақстандық танымал композитор өмірден озды

4649

Қазақстандық композитор, джазмен Яков Хан дүниеден өтті. Қайғылы хабарды Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева жеткізді.

«Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін әлі де жалмауда. Бүгін тағы бір керемет адам өмірден озды. Яков Ханның туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Танымал музыкант, композитор, джазмен өзінен кейін бай шығармашылық мұра, түрлі жанрдағы туындыларды қалдырды. Ұзақ жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен бірігіп, көптеген тамаша шығармалар жазды. Осындай талантты адамның шығармашылық жолы кенеттен және қайғылы түрде аяқталғаны өте өкінішті»,– деді Балаева.

Яков Хан "Арай" ұжымымен өнер көрсетіп, еліміздегі джаз бағының дамуына өлшеусіз үлес қосты.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы