Енді Қазақ Ұлттық университеті вирусолог мамандарды даярлайды

595

Биылғы жылдан бастап Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтымен (БҚПҒЗИ) бірлесе отырып, вирусолог мамандарды даярлайтын болады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтің тапсырмасы бойынша жоғары оқу орындарында осы бағытта магистранттар мен докторанттарды оқытатын болады.

Министр әлемдік пандемия эпидемиология және вирусология саласындағы мамандарды даярлау қажеттілігін айқындай түскендігін атап өтті.

Ұлттық жоғары оқу орнының ректоры Ж.Түймебаев пен Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының бас директоры К. Закарья тиісті келісімге қол қойды.

Қазір ҚазҰУ ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп, вирусология саласында жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеп жатыр.

Айта кету керек, дәл осы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының қызметкерлері  отандық COVID-19 вакцинасын әзірлеген болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Редакция таңдауы