Қапшағайда өзін полицеймін деп таныстырған алаяқ қолға түсті

309

Қапшағайда жалған полицей ұсталды. Ол ішкі істер органдарында жұмыс істеймін деп өзгенің 737 мың теңге ақшасын иемденген.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Қапшағай қаласының полициясына 21 жастағы тұрғыннан арыз түскен. Ол өзін полицеймін деп таныстырған ер адамның сеніміне кіріп, ақша алғанын жеткізген. Бірақ қаражатты қайтармағандықтан, ол полицияға арызданған.

Жедел іздестіру кезінде 23 жастағы күдікті ұсталды. Қазір оның үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы, 1-бөлігі, яғни, «Алаяқтық» бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

"Тәртіп сақшылары оның не себепті өзін полицеймін деп таныстырып, қандай мақсатпен ақша алғанын, сонымен қатар, өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр", - делінген Алматы облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Департамент ұсталған адамның полиция қызметкері емес екенін және оның бұл жұмысқа мүлдем қатысы жоқ екенін мәлімдеді. «Тергеу барысында анықталғандай күдікті жәбірленушінің сеніміне кіріп, 737 мың теңге ақшасын иемденгені анықталды. Жәбірленуші дер кезінде полицияға шағымданғандықтан күдікті де дер кезінде ұсталды», - деп толықтырды полицияның баспасөз қызметі.

Пікірлер
Редакция таңдауы