Аманкелді Имановтың домбырасы

2798
Adyrna.kz Telegram
DCF 1.0
DCF 1.0

1916 жылғы Торғайдағы ұлт-азаттық көтерілістің басшысы Аманкелді Имановтың домбырасы Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінде тұр екен. Жуырда Қостанай қаласына барған сапарымызда жәдігерді өз көзімізбен көруге мүмкіндік туған еді. Аспаптың көркемдігі ерекше. Сүйектермен ою-өрнектер жапсырылып, өте әсем безендірілген. Жәдігер Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейіне 1964 ж. 21 тамызда келіп түскен.

Музейдің ғылыми әдістемелік жұмыстармен қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі Нәзима Қуанышбайқызы айтуынша, бұл құнды домбыраның ұзындығы – 90 см. 14 пернелі, шанағының көлемі сопақша. Домбыраның қапталы, беті, сыртқы сауыр дүмі жеке-жеке шабылып, шеберлікпен жымдастыра құрастырылған. Домбыраның сырты сүйекпен көмкерілген. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басы.

Қостанай облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Туған жер тарихы» залында музыкалық аспаптар экспозициясына домбыра, нарқобыз қойылған.


Арман ӘУБӘКІР, 

Қостанай, 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер